Халық Кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтайда өткен брифингте Халық Кеңесін құруға қарастырылған 1,7 млрд теңгенің қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Абзал Бейсенбекұлы 1,7 млрд теңге 2027 жылға арналған бюджет жобасында Қазақстанның Халық кеңесін құруға көзделгенін атап өтті.
"Бұл соманы ондағы адам санына бөлген дұрыс емес, өйткені қаражат тек жалақы төлеуге ғана емес, өңірлерге барып халықпен кездесуге, сессиялар өткізуге және қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыруға арналған. Бұл Халық Кеңесінің барлық жұмысын ұйымдастыруға бағытталады", - деді вице-министр.
Ол Халық Кеңесі мүшелеріне бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақы төлеу қарастырылғанын жеткізді.
Алайда олардың айына қанша жалақы алатынын айтпады.
"Мен дәл осы бюджет қаражаты есебінен еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес алатындарын айттым. Бұл жүйе қызметтік пайдалануға арналған. Сондықтан ақпаратты егжей-тегжей ашуға болмайды. Кімнің қанша алатынын нақты айтуға құзыретім жоқ. Айта алмаймын. Барлығы бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес алады", - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2429147-halyq-kengesin-quruga-biudzhetten-1-7-mlrd-tengge-bolinedi/
