Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақырды: ол қашан өтеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілген еді.
Кеңес құрамына 126 адам кірді. Олардың арасында депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, түрлі қор өкілдері мен басқа да тұлғалар бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2431283-toqaev-qazaqstan-halyq-kengesining-birinshi-sessiiasyn-shaqyrdy-ol-qashan-otedi/
