jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесі өтті: Тоқаев жаңа меморганға нақты міндеттер жүктеді

    Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесі
    Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесі. Фото: Ақорда

    Президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесін өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

    ️Мемлекет басшысы аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.

    Әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.

    ️Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.

    ️Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды.

    ️Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, "Заң мен тәртіп" қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.

    ️Кеңес қорытындысы бойынша аппаратқа бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

    ️Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға тиіс.

    Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесі өтті: Тоқаев жаңа меморганға нақты міндеттер жүктеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram