Тоқаев Қазақстан халқының ортақ мақсатын атады
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында ел халқының алдында мақсат туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, билік алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін табанды еңбек ете береді.
"Халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп, елімізге келетін инвестиция көлемін ұлғайтуымыз қажет.
Өздеріңізге мәлім, мен мемлекетіміздің басшысы ретінде халықаралық жиындарға жиі қатысып, көптеген елдердің көшбасшыларымен, инвесторлармен кездесулер өткізіп жүрмін.
Астанада да жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізіп, мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмын.
Алдымда тұрған мақсат – айқын: бұл – Қазақстанды орта держава ретінде бүкіл дүние жүзіне мейлінше кең ауқымда паш ету, тарихымыз бен мәдениетімізді халықаралық қауымдастық деңгейінде дәріптеу, мемлекетіміздің мүддесін қорғау және еліміздің әлеуетін жан-жақты насихаттау. Басқа ойым жоқ.
Сондықтан мұның бәрін бүкіл халқымыздың мақсаты деп күмәнсіз айтуға болады", - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2432592-toqaev-qazaqstan-halqynyng-ortaq-maqsatyn-atady/
