jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Маңғыстау облысы әкімінің екі жаңа орынбасары тағайындалды

    Шенеунік
    Шенеунік. Иллюстрациялық фото: VioletaStoimenova/Getty Images

    Маңғыстау облысының басшылығында кадрлық өзгерістер болды: Ербол Ізбергенов бірінші орынбасар, ал Бекбол Орынбасаров әкім орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Маңғыстау облысында әкімнің екі орынбасары тағайындалды. Тиісті өкімдерге Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігімен келісе отырып қол қойылды.

    Ербол Ізбергенов туралы не белгілі

    Ербол Күреңтайұлы Ізбергенов 1973 жылғы 11 тамызда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында дүниеге келген.

    Еңбек жолын 1991 жылы "Маңғыстаумұнайгазбарлау" кешенді экспедициясы құрылыс-монтаж учаскесінің тас қалаушысы қызметінен бастаған.

    Әр жылдары өңірлік деңгейдегі құрылыс мекемелерінде, Ақтау қаласы әкімдігінде еңбек етіп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

    Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басқарма басшысы болып еңбек еткен.

    2019-2020 жылдары "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін "Атамекен" республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры болды.

    2020-2023 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімінің лауазымдарын атқарды.

    2024-2025 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

    2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

    Бекбол Орынбасаровтың өмірбаяны

    Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров 1971 жылғы 18 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген.

    Еңбек жолын 1993 жылы Маңғыстау облыстық Кеден басқармасының «Баутино» кеден бекетінде инспектор қызметінен бастаған.

    Әр жылдары банк саласында, Ақтау қаласы әкімдігінде және Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі, Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Ақтау қалалық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

    2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарды.

    2008-2010 жылдары "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры, кейін басқарушы директоры – корпоративтік хатшысы болды.

    2010-2019 жылдары "Отырар Энерджи" ЖШС және "Адай" ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.

    2020-2021 жылдары «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы болды.

    2021-2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

    2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі болды.

    Маңғыстау облысы әкімінің екі жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram