jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды

    Мақсат Мұқаш
    Мақсат Мұқаш. Фото: instagram.com/aktau_akimdigi

    Президент әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мақсат Мұқаш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2013 жылы Жаңаөзен қаласындағы №7 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып бастаған.

    2016-2017 жылдары Жаңаөзен қаласы Қызылсай елді мекеніндегі №3 балалар мен жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары осы мектептің директоры қызметін атқарған.

    2019 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болды.

    2021-2023 жылдары VII шақырылымдағы Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты, "Ақ жол" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының жетекшісі қызметтерін атқарды.

    2023 жылғы маусым-қазан айларында Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарып келді.

    2023 жылғы 24 қазанда Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    2025 жылғы желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram