Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта қалған қазақстандықтар өтінішпен жүгінді: СІМ мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
СІМ БАҚ-та жарияланған Қазақстан азаматтарының Отанына оралуға көмек сұраған өтініштеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралуға жәрдемдесуді сұраған өтініштері таралып жатыр.
"Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отыр. Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау министрлік қызметінің сөзсіз басымдығы болып табылады", - делінген хабарламада.
Хабарламада ҚР СІМ әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибе жинақтағаны атап өтілген.
"Осыған байланысты Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өздерінен немесе туыстарынан тікелей алудың маңызы ерекше. Бірқатар отбасы министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерді", - деп мәлімдеді ведомство.
Соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істеп тұр.
"Бұқаралық ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұраймыз. Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет", - делінген хабарламада.
Ведомство қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастырып жатқанын мәлім етті.
1 қазанда Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілімен кездескен.
"Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз", - делінген хабарламада.
Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер:
- ҚР СІМ-нің Консулдық қызмет департаменті:
+7 (7172) 72-05-00, Dks_ast@mfa.kz
- ҚР-дың Ресей Федерациясындағы елшілігі:
+7 (925) 897-71-14, consul.moscow@mfa.kz
- ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (906) 177-70-88, astrakhan@mfa.kz
- ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (905) 020-30-42, +7 (843) 202 05 92, kazan@mfa.kz
- ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (968) 100-73-06, omsk@mfa.kz
- ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (939) 919-76-33, ekaterinburg@mfa.kz
- ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (981) 916-25-12, +7 (921)-188-90-60, s-petersburg@mfa.kz
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2437687-sogys-qimyldary-zhurip-zhatqan-aimaqta-qalgan-qazaqstandyqtar-otinishpen-zhugindi-sim-malimdeme-zhasady/
