jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Смайылов Тоқаевқа Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудит туралы есеп берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әлихан Смайылов. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігіндегі бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігіне жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудиттің барысы туралы есеп берілді.

    Ауқымды тексеріс 50 нысанды, соның ішінде 48 әскери бөлімді қамтиды. Осы мақсатта мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандарынан, сондай-ақ IT және байланыс саласы сарапшыларынан арнайы топ жасақталды.

    ️Аудит аясында Қарулы күштер қызметінің барлық негізгі бағытындағы ахуалға баға беріледі.

    ️Атап айтқанда, әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жеке құрамның даярлығы, әскери оқу-жаттығу жиындарының өткізілуі, әскери инфрақұрылымның дамуы, қару-жарақ пен техниканың жаңғыруы, цифрлық жүйелердің ақаусыз жұмыс істеуі түгел тексерілмек.

    ️Президентке мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысына жүргізілген аудиттің нәтижелері таныстырылды.

    ️Жоғары аудиторлық палата тексеріс қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолдады.

    ️Сонымен қатар мемлекет басшысына экономикалық даму мен әлеуметтік саланың басым бағыттарын қамтитын жоспарлы аудиторлық тексерістің барысы баяндалды.

    ️Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысы туралы айтты. Жиынға 19 елдің өкілі қатысқан. Мұндай форматтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

    Кездесу соңында президент Қорғаныс министрлігінде аудит жүргізуге және тұтас мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

    Смайылов Тоқаевқа Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудит туралы есеп берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram