jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды

    Татьяна Савельева
    Татьяна Савельева. Фото: parlam.kz

    Бүгін, 7 қазанда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Құрылтайдың жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов 6 қазанда Татьяна Савельевадан депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш келіп түскенін мәлімдеді.

    "Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Татьяна Михайловна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұраймыз", - деді ол.

    Депутаттар әріптесінің өтінішін бірауыздан қолдады.

    Бұл ретте Татьяна Савельеваның не себепті өкілеттігін тапсыруды ұйғарғаны нақтыланбады.

    Депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram