jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Автожол саласын түбегейлі реформалау: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін үкіметтік жұмыс тобы құрылды

    тасжол
    Тасжол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жұмыс тобына жол құрылысының қолданыстағы жүйесі мен оның сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеті жүктелді. Саланы басқарудың жаңа тетігі, оның ішінде цифрлық шешімдерді де ескере отырып, жол инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталады.

    Премьер-министрдің бірінші орынбасары басқаратын жұмыс тобына көлік, өнеркәсіп және құрылыс, қаржы, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, энергетика министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокурорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК, "ҚазжолҒЗИ" АҚ, "Мемсараптама" РМК, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары мен Құрылтай депутаттары кірді.

    Премьер-министр осы жылдың 1 желтоқсанына дейін автожол саласын түбегейлі реформалау бойынша, оның ішінде заңнамалық шараларды қамтитын ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

    Автожол саласын түбегейлі реформалау: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін үкіметтік жұмыс тобы құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram