jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жұманғарин мұнай бағасына қатысты болжамды жариялады

    Серік Жұманғарин
    Серік Жұманғарин. Фото: Telegram/Ukimet

    Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың қарауына еліміздің 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Серік Жұманғарин депутаттарға 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық өсу болжамын таныстырды.

    "Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2026 жылы әлем экономикасының өсімі 3 пайыз болса, 2027 жылы 3,4 пайызды құрайды. Жалпы болжамның жақсарғанына қарамастан, Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінде ЖІӨ өсімі баяулайды деп күтіледі. Халықаралық ұйымдар мен жаһандық инвестициялық банктер 2027 жылға арналған мұнай бағасы бойынша болжамдарын төмендетті. Консенсус-болжам 70,3 долларға дейін төмендеді", - деді ол.

    Ұлттық экономика министрінің дерегінше, сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты болжамның үш нұсқасы қарастырылды.

    "Оптимистік нұсқа бойынша мұнайдың болжамды бағасы 70 долларға дейін, ал экономиканың орташа жылдық өсімі 5,9 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. Пессимистік нұсқада мұнай бағасы 50 доллар деп қарастырылады, ЖІӨ-нің болжамды өсімі 3,2 пайызды құрайды. Базалық нұсқада мұнай бағасы 70 доллар деңгейінде деп алынды", - деп түйіндеді сөзін Серік Жұманғарин.

    Жұманғарин мұнай бағасына қатысты болжамды жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram