jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақмола облысында ставка қойған екі мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды

    Шенеунік
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Есіл ауданының прокуратурасы интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тіккен екі мемлекеттік қызметшіні анықтады. Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде екі лауазымды тұлға да қызметінен босатылды, деп хабарлайды kazinform.

    Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәс тіккендердің бірі — Есіл ауданы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі — Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.

    Заң бұзушылық Есіл ауданы прокуратурасының мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына жүргізген талдауы барысында белгілі болды.

    "Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттігін ескертті. Прокуратура мұндай әрбір фактіге алдағы уақытта да принципті құқықтық баға берілетінін мәлім етті", - делінген хабарламада.

    Осыған дейін СҚО-да құмар ойынға салынған үш мемқызметші жұмыстан шығарылғаны туралы жаздық.

    Ақмола облысында ставка қойған екі мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram