jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды

    Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды
    Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласында "Балаларға қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырыс: шектеулі бюджет жағдайында білім беру ресурстарын басқару" тақырыбындағы өңіраралық тәжірибелік семинар-кеңестің алғашқы күні өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің бастамасымен қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырыс пилоттық жобасының тәжірибесін өңірлерге тарату аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Шымкент әкімдігі.

    Семинарға орталық мемлекеттік органдардың, "Қазақтелеком" АҚ мен "Қаржы орталығы" АҚ-ның өкілдері, еліміздің 11 өңірінен әкімдердің орынбасарлары, білім беру, экономика, цифрландыру, спорт және мәдениет салаларының басшылары мен мамандары қатысты.

    Кездесуде шектеулі бюджет жағдайында білім берудің сапасы мен қолжетімділігін сақтай отырып, мемлекеттік ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары талқыланды.

    Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды
    Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім беру жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жоспарлау мен қаржылық тәртіпті жетілдіру, қолданыстағы инфрақұрылымның әлеуетін арттыру бойынша қала тәжірибесін таныстырды.

    Негізгі назар бюджет қаражатын пайдаланудағы ашықтық пен басқарушылық шешімдердің деректерге негізделуіне аударылды. Шымкентте іске асырылған бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасы нақты мысал ретінде қаралды. Дербестендірілген есепке алу және цифрлық тексеру арқылы балалар туралы қайталанатын жазбаларды жою, қызметтің көрсетілгенін растау және қаржыландыруды нақты қызмет алушыға байланыстыру тетіктері енгізілді.

    Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды
    Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Сондай-ақ мемлекеттік мектептердің бос қуаттарын пайдаланып, балалардың қосымша біліммен қамтылуын кеңейту жолдары талқыланды.

    Қаланың тәжірибесі қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану балаларға қолжетімді білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатынын көрсетті.

    Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды
    Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Айта кетейік, 16 қазанда семинар №149 жалпы білім беретін мектепте (Шымкент қаласы, Нұршуақ шағынауданы, 1229) жалғасады. Өңірлік мамандарға арналған тәжірибелік сессияда бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың нормативтік, ұйымдастырушылық, қаржылық және бақылау тетіктері қарастырылады.

    Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram