jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Назарбаевтың егемен ел болуға қосқан үлесі туралы пікір білдірді

    Нұрсұлтан Назарбаев
    Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың егемендіктің негізін қалауға қосқан зор үлесін атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Біз бәріміз біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алдық. Әділеттілік қағидаттарын халқымыз арасында дәріптеп жатырмыз.

    Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға "Әділет" атауын бердік", - деді президент.

    Оның айтуынша, қазақстандықтар тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруі керек.

    "Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram