jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек": Тоқаев қалаларды дамытуды тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Бүгін, 28 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр. Президент жолдау барысында қалаларды дамыту мәселесіне жеке тоқталды, деп хабарлады Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Біз ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстаймыз. Ауылдағы тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барынша жағдай жасап отырмыз.

    Алайда қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн.

    Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс.

    Сонымен қатар қала ресурсын тиімді басқару үшін үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс.

    Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – "Таза Қазақстан" жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап.

    Егер қала қарқынды дамитын болса, сол өңірдің экономикасы да өркендейді, адами әлеуеті де артады", - деді президент.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram