"Тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба": Қазақстанда "Халықтық құрылыс" бағдарламасы жүзеге асырылмақ
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазандағы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында еліміздегі құрылыс саласын жандандыратын "Халықтық құрылыс" деп аталатын бағдарлама іске асырылатынын хабарлады, деп жазады Ақорда.
Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады.
"Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек.
Біз халқымыздың артып отырған зор үмітіне лайық болуымыз қажет.
Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына "Халықтық құрылыс" деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін.
"Халықтық құрылыс" бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ. Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін", - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2448690-tarihymyzdagy-eng-ulken-infraqurylymdyq-zhoba-qazaqstanda-halyqtyq-qurylys-bagdarlamasy-zhuzege-asyrylmaq/