jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев айрықша маңызды металдар қорын басқаратын ұлттық жүйе құруды ұсынды

    Кен орны
    Кен орны. Көрнекі сурет: фото: pixabay.com

    Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі геологиялық барлау тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажеттігін айтты. Ол жаңа кен орындарын іздеу және барлау үдерісіне жеке қаражатты белсенді тарту мәселесіне көңіл бөлді, деп хабарлайды Ақорда.

    Мемлекет басшысы 28 қазанда ел жұртшылығына жолдаған жолдауында Қазақстанның индустриялық-технологиялық тұрғыдан жедел дамуына қажетті тетіктерді әзірлеу керектігін атап өтті.

    "Қазақстан – минералдар мен шикізатқа бай мемлекет. Бұл – біз үшін стратегиялық жетістік. Сондықтан геологиялық барлау тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажет. Жаңа кен орындарын бұрынғы заманнан қалған әдістермен іздеу оң нәтиже бермейтіні анық. Қазіргі таңда геологияны жоғары технологиялық сала ретінде мойындауымыз керек.

    Бізге озық технологиялардың көмегімен еліміздің жер қойнауын толыққанды зерттеп, деректердің ашықтығын және қолжетімді болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Жаңа кен орындарын іздеу және барлау үдерісіне жеке қаражатты белсенді тартқан жөн", - деді ол.

    Сонымен бірге президент айрықша маңызы бар металдар қорын тиімді басқаруға да басымдық берді. Ол үкіметке жыл соңына дейін нақты ұсыныс енгізуді тапсырды.

    "Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндеттің бірі. Осы мәселені кәсіпкерлермен бірлесе талқылап, жыл соңына дейін маған нақты ұсыныс енгізу қажет" басқаратын ұлттық жүйе құру қажет.

    Аталған жүйеде тау-кен саласындағы жобаларды ұзақмерзімді қаржыландыруға мүмкіндік беретін нақты тетіктер болуға тиіс.

    Елімізде осы бағытта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындармен оффтейк-келісімшарт жасау арқылы кепілді сұранысты қамтамасыз еткен жөн.

    Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндеттің бірі. Осы мәселені кәсіпкерлермен бірлесе талқылап, жыл соңына дейін маған нақты ұсыныс енгізу қажет", - деді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram