jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Құрылыс материалдарын өз елімізде өндірген жөн": Тоқаев үкімет пен "Бәйтерек" холдингіне тапсырма берді

    құрылыс
    Құрылыс жұмыстары. Көрнекі фото: pexels.com

    Қасым-Жомарт Тоқаев өндіру және өңдеу жұмысымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және сату жүйесін жетілдіру керегін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Ірі холдингтерден бастап, шағын шаруа қожалықтарына дейін агрологистика орталықтарының қызметін кедергісіз пайдаланатын мүмкіндік болуға тиіс.

    Жалпы халықтық құрылыс аясында ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту ісіне де баса мән беру керек. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет", - деді перзидент.

    Мемлекет басшысының пікірінше, үкімет пен "Бәйтерек" холдингі бірлесіп, нақты шешімдерді қабылдауы қажет.

    "Экономиканың негізгі салаларын дамыту үшін өнімді терең өңдеумен айналысатын, еңбек өнімділігін арттыратын жобаларға басымдық берген жөн. Бұл – басты талап.

    Әсіресе, ірі инфрақұрылымдық бастамаларға қажетті құрылыс материалдарын, металл конструкцияларын, инженерлік жабдықтарды өз елімізде өндірген жөн. Мұндай жобалар "Халықтық құрылыс" бағдарламасының тірегіне айналуы керек деп санаймын.

    Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол беруге болмайды. Бұл – маңызды талап.

    Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін озық технологиясы бар, қажетті сараптамалық тәжірибесі және жаһандық нарықтарға шығу мүмкіндігі зор әлемнің жетекші компанияларын, солардың ішінде отандық компанияларды да тартқан жөн.

    Инвестицияның тиімділігі жұмыс істей бастаған өндіріс орындарының санымен, сапасымен және оның экономикаға қосқан нақты үлесімен бағалануға тиіс", - деді президент.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram