Тоқаев еліміздің бай-қуатты азаматтарына арналған салық мөлшерлемесіне қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:

Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бай-қуатты тұрғындарына жоғары салық мөлшерлемесін енгізуді талқылайтын уақыт келгенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
"Менің ойымша, дәулетті азаматтар үшін жоғары салық мөлшерлемесін енгізуді талқылайтын уақыт келді.
Ешкім заңды түрде алынған активтерді қандай да бір жолмен шектеуге ниетті емес екенін атап өткім келеді. Бұл Конституцияның өзіне қайшы келеді.
Бұл – әрбір азаматтың еліміздің дамуына пропорционалды және әділ түрде қосатын үлесі. Бұл – әділдік.
Үкімет пен Құрылтай бұл мәселені зерттеп, ұсыныстар енгізуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, әділ салық ашықтықты, демек, толық цифрландыруды қажет етеді.
Соған байланысты президент салық жинауды арттыру, көлеңкелі экономиканы азайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануды ұсынды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2448750-toqaev-elimizding-bai-quatty-azamattaryna-arnalgan-salyq-molsherlemesine-qatysty-malimdeme-zhasady/