jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ойында не бар, соны істей береді": Тоқаев инвестиция тарту жүйесін өзгертуді ұсынды

    Монеталар бағанасы
    Монеталар бағанасы. Иллюстрациялық фото: SARINYAPINNGAM/Getty Images

    Қазақстан халқына жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге инвестиция тарту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өз сөзінде мемлекет басшысы әлемде инвестицияға талас күшейіп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бәсекеге қабілетті болу үшін жедел шешімдер қабылдап, жылдам әрекет ету қажет.

    "Бірақ елімізде инвестор тарту және оларды жан-жақты қолдау жүйесінде бірізділік жоқ. Әрбір мекеме немесе жеке тұлға ойында не бар болса, соны істей береді. Нәтижесінде кешенді көзқарас та, үйлесімділік те, сабырлық та, білім де жетіспейді.

    Сондықтан инвестиция тарту ісін бір орталықтан басқаруға мүмкіндік беретін тұтас жүйені жетілдіре түсу керек. Менің ойымша, баяғыдан сөреде жатқан мәселені, яғни инвестициялармен жүйелі түрде айналысатын мекемені анықтау керек", - деді президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда бұл бағытта мұндай жүйе жоқ екенін айтты.

    "Бірқатар мемлекеттік мекемеге бірдей құзыреттер берілген. Қазіргі жағдайда бұл тәсілдер заман талабына сай келмейді, әбден ескірген. Бәлкім, инвестицияға қатысты мәселелермен "Бәйтерек" холдингі белсендірек айналысқаны дұрыс шешім болар. Ал Экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі инвестицияларға байланысты кейбір құзыретін орындауды жалғастырады", - деді мемлекет басшысы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram