Қайрат Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды: себебі неде
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 28 қазанда Қайрат Мақсұтовтың "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Қайрат Берікұлы Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
Бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды", - делінген хабарламада.
"Самұрық-Энерго" АҚ сайтында Қайрат Мақсұтовтың бұл қызметті 2023 жылдың маусымынан бері атқарғаны жазылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2448899-qairat-maqsutov-samuryq-energo-aq-basqarma-toragasy-qyzmetinen-bosatyldy/