Алатауда айрықша сот жүйесін құру: ведомствоаралық жұмыс тобы бір ай ішінде үкіметке ұсыныс енгізеді
Жарияланған күні:

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысы барысында Алатау қаласының дамуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге және азаматтық заңнаманы жетілдіруге назар аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Алатауда халықаралық деңгейде жоғары сапалы сот төрелігін қамтамасыз ететін сот жүйесін құру міндетін қойды. Бұл – қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға негіз болатын шарттардың бірі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қойылған міндетерді жүзеге асыру үшін "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Конституциялық заңға соттардың мәртебесін, құзыреті мен құрылу тәртібін, юрисдикция мен соттылықтың аражігін ажыратуды алдын ала көздей отырып, түзетулер енгізу қажет. Тиісті Ведомствоаралық жұмыс тобына 2026 жылдың 30 қарашасына дейін үкіметке келісілген ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Премьер-министр, сондай-ақ, жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу және қабылдау болашақ экономикасына жоспарлы көшудің, мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуының құқықтық негіздерінің біріне айналатынын атап өтті.
Әділет министрлігіне жаңа Азаматтық кодекстің жобасын әзірлеуге дереу кірісу, сондай-ақ Мемлекет басшысының заңнамалық тапсырмаларын Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасында және үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында қарастыру тапсырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2449467-alatauda-airyqsha-sot-zhuiesin-quru-vedomstvoaralyq-zhumys-toby-bir-ai-ishinde-ukimetke-usynys-engizedi/