jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мәслихат депутаттарын сайлауға қанша қаржы жұмсалады: ОСК жауабы

    Бюллетенді салып тұрған әйел
    Сайлау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник брифингте мәслихат сайлауын өткізуге қанша қаржы қажет болатынын және оның не нәрсеге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Михаил Бортниктің айтуынша, 29 қарашаға белгіленген мәслихат сайлауын өткізуге қарастырылған бюджет Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен келісілген.

    "Бұл шараны өткізуге бөлінетін қаржы сомасы – 35,8 млрд теңге. Ауқымы жағынан бұл сайлау Құрылтай сайлауымен пара-пар.

    Оның үстіне, мәслихат сайлауын өткізу кезінде жұмысқа қосымша 3 022 округтік комиссия тартылады, бұл – сайлау комиссияларының 15 110 мүшесі деген сөз.

    Қаржының басым бөлігі, алдыңғы сайлаулардағыдай, комиссия мүшелерінің жұмысына ақы төлеуге жұмсалады. Қаражаттың шамамен 70 пайызы учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысына кетеді", - деді Бортник.

    Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтетінін хабарлаған болатын.

    2 қарашада ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысын жариялады.

    Жалпы республика бойынша 10 971 кандидат тіркелген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram