Орал әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғаны үшін Орал әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды БҚО прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Орал прокуратурасының талдауы нәтижесінде жергілікті атқарушы органның бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғаны анықталған.
"Орал қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобалау ұйымдарымен жобалау-сметалық құжаттаманы өтеусіз негізде әзірлеу туралы меморандум жасап, кейін аталған жобаларды бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұласқан бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол берілгені анықталды", - делінген хабарламада.
Заң бұзушылықтарға жол берген Орал қаласы әкімінің орынбасары ҚР ӘҚБтК 163-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Оған 648 мың теңге айыппұл салынған.
Айыппұл толық көлемде өндірілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2450928-oral-akimining-orynbasaryna-648-myng-tengge-aiyppul-salyndy/