jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Бектенов жаңа тағайындалған көлік министрі Әсел Жанасоваға тапсырма берді

    Әсел Жанасова
    Әсел Жанасова. Фото: instagram.com/asselzhanassova

    Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа көлік министрі Әсел Жанасоваға көлік саласын дамытудың басымдықтарын атап көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов көлік министрі қызметіне тағайындалған Әсел Жанасованы министрлік ұжымына таныстырды.

    "Президент келесі жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бұл көлік инфрақұрылымын дамыту саласын да қамтиды. Алдымызда тұрған міндеттер айқын. Еліміздің географиялық орналасуын ескере отырып, қолда бар әлеуетті барынша тиімді пайдалануымыз керек.

    Келер жылы көлік саласының барлық бағыты бойынша ірі жобаларды іске қосу жоспарланған. Сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет", – деп атап өтті премьер-министр.

    Көлік министрлігінің негізгі басым бағыттары қатарында жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының жоғары сапасын қамтамасыз ету, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту, 2027 жылы автомобиль өткізу пункттерін реконструкциялауды аяқтау, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайту міндеттері айқындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram