jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Шавкат Мирзиеевті елорда әуежайынан шығарып салды (фото)

    Шавкат Мирзеев
    Шавкат Мирзеев. Фото: Ақорда

    Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін Қазақстанға арнайы келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев еліне қайтты. Оның ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі шығарып салды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті елорда әуежайынан шығарып салды", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, бүгін Астанада Ақаба процесінің "Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік" тақырыбына арналған саммиті өтті.

    Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram