jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев: Барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді

    Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайы
    Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайы. Фото: Ақорда

    Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында сөз сөйлеген мемлекет басшысы қазақ тілі орфографиясын ретке келтіру жұмысын келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Осы жерде тағы бір өзекті мәселеге тоқталып өткен жөн деп санаймын. Бұл – тілдегі бірізділік мәселесі. Өкінішке қарай, қазір қазақ тіліндегі кейбір сөздер, ұғымдар, тіпті, түсініктер әртүрлі қолданылып жүр. Бұл – жылы жауып қоя салатын жеңіл-желпі дүние емес", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президенттің айтуынша, мұндай жағдай жұртты шатастырып, тіл тазалығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан қазақ тілін қолдану ісінде нақты жүйенің, белгілі бір тәртіптің болуына баса мән берген жөн.

    "Жалпы, осы мәселеге кең ауқымда қараған дұрыс. Ең алдымен, емле мен ережені түгендеп, жүйелеу керек. Бұған қоса, барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді.

    Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен ресми түрде бекітілген Қазақ тілінің орфография сөздігі Кеңес заманында, яғни 1983 жылы шыққан. Әрине, одан кейін де бірнеше сөздік жарық көрді. Алайда олардың ешқайсысы мемлекеттік деңгейде бекітілмеген, заңды күші жоқ", - деді мемлекет басшысы.

    Президент кейбір көрші мемлекеттерде мұндай ғылыми еңбектер бес жыл сайын жаңартылып отыратынын атап өтті.

    "Сондықтан біз де қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізін зерделеп, жедел түрде ретке келтіруіміз керек. Осы жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram