jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев қазақ тілін тез әрі оңай үйренуге мүмкіндік беретін озық әдістемелер әзірлеу керектігін айтты

    Кітап
    Кітап. Иллюстрациялық фото: Saulo Angelo/Getty Images

    Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі. Жиында президент мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдарға барынша жағдай жасау керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақ тілі ұлт бірлігінің мызғымас тұғыры саналады. Осы орайда, мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлттардың өкілдерін айрықша атап өткім келеді. Олардың арасында қазақ тілін үйретумен айналысатын білікті мамандар бар.

    Әлеуметтік желі арқылы тілімізді дәріптеп жүрген азаматтар да аз емес. Мұндай адамдар тіліміздің дамуына үн қосып, оның жарқын келешегін нақты іспен жасап жатыр. Солардың еңбегін біз сыйластықпен, ризашылықпен қабылдауымыз керек", - деді президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, кейінгі жылдары мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдардың қатары көбейіп жатыр.

    "Оларға барынша жағдай жасау – біздің азаматтық парызымыз. Қазақ тілін тез әрі оңай үйренуге мүмкіндік беретін озық әдістемелер, соның ішінде цифрлық оқу құралдарын әзірлеу қажет.

    Жалпы, бұл мәселе қоғамда жиі айтылып жүр. Осы жұмысқа тіл мамандарын, ақпараттық технология саласының өкілдерін жұмылдырған жөн.

    Қазақ тілін білетін адам қазақ халқын, жалпы Қазақстанды танып-біледі. Тілді меңгерген әрбір азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінеді", - деді мемлекет басшысы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram