Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгерту туралы қаулыға қол қойды. Құжат күшіне енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Премьер-министр Олжас Бектенов "Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы қаулыға қол қойды.
Құжат "Әділет" АҚҚ-да жарияланды.
Қаулыға сәйкес, Алматы агломерациясының құрамынан Заречное және Арна, Жаңадауір, Жаңаталап, Ынтымақ және Қоянқұс елді мекендері шығарылды. Бұған дейінгі редакцияда олар агломерация құрамында жеке жолдармен көрсетілген болатын.
Бұл ретте Алматы агломерациясының құрамындағы Gate city қаласы Алатау қаласы болып өзгертілді.
Сондай-ақ Астана агломерациясының құрамына Нұрлы елді мекені қосылды.
Қаулы қол қойылған күннен бастап – 5 қарашада күшіне енді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2455285-ukimet-almaty-zhane-astana-aglomeratsiialarynyng-quramyn-ozgertti/