jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

    : UGC

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті деп жазады Ақорда.

    Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
    Фото: Ақорда: UGC

    Қазақстан президенті дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені үшін тақ мұрагеріне ризашылық білдіріп, Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындары Таяу Шығыс елдерінің ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінде алғаш рет өтіп отырғанына тоқталды.

    "Бұл маңызды спорт шарасы мүмкіндігі шектеулі спортшыларға өздерінің мықты рухы мен жеңіске деген ерік-жігерін танытуға жол ашады.

    Жарысқа Қазақстан командасы да қатысады. Елдеріңіздің басшылығы Қазақстан өткізетін халықаралық іс-шаралардың бәріне үнемі қатысып келеді.

    Сондықтан, сіздерге достық қолдау көрсету мақсатымен осы ойындардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысуға келдім", – деді мемлекет басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін жемісті болғанын атап өтті.

    "Біздің жиі кездесулеріміз бен бауырластыққа және сенімге негізделген тығыз қарым-қатынастарымыз барлық салаларды жан-жақты дамытуға тың серпін беруде. Былтыр біз өзара сапар жасап, маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Солардың іске асырылу барысы толық көңілден шығады", – деді Қазақстан президенті.
    Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
    Фото: Ақорда: UGC

    Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Біріккен Араб Әмірліктеріне шақыруын қабыл алғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, конфессияаралық келісім мен әлемде диалог орнату ісіндегі Қазақстанның рөліне ерекше тоқталды.

    "Биыл біз еліміздің негізін қалаған тұлғаның 100 жылдығын салтанатты түрде атап өттік. Сіз шейх Заидті 25 жылдан астам уақыттан бері білесіз. Ол Сізді өте құрметтейтін және әлемдік деңгейдегі басшы ретінде танитын.

    Біз сіздерді үлгі тұтып, 2019 жылды – толеранттылық жылы деп жарияладық. Соның аясында Әмірліктер көпұлтты, мәдениетаралық және  дінаралық орталыққа айналуды көздейді.

    Осыған байланысты биылғы ақпан айында Рим Папасы Францисктің Біріккен Араб Әмірліктеріне тарихи сапары болды, – деді шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян.

    Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемаларды, туризм, цифрландыру, ғарыш, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты талқылады.

    Сондай-ақ, өзара экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвестиция тарту және Қазақстан тауарларын Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шығару мақсатымен Үкіметаралық комиссияның және Іскерлік кеңестің әлеуетін арттыру мәселелері қаралды.

    Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.