Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді (фото)
Жарияланған күні:
Германияға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел канцлері пен Ангела Меркельмен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өткен.

Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындаған.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды.


Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізген.

Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілген.
Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болған.


Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының ресми сапармен Германияға барғанын хабарлаған едік.
Президенттің сапар барысында Ангела Меркельмен келіссөздер өткізуінен бөлек, президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездесуі жоспарланған.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлемек.
Сондай-ақ, бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/1830602-tokaev-pen-angela-merkel-kelissz-zrgizdi-foto/