jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Іс түскенде достың кім екенін білесің": Тоқаев Қытай басшысы өзіне не дегенін айтты

    : Instagram

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұқбаты барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі жайлы әңгіме қозғаған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

    Фото: Ақорда
    Фото: Ақорда: Instagram
    "Қытаймен арадағы ынтымақтастықты дамытуда Тұңғыш президент Назарбаев табысты еңбек етті. Қазіргі кезде екі ел арасындағы қатынас ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді", – деді мемлекет басшысы.

    Оның сөзінше, екі ел арасында жоғары саяси деңгейдегі байланыстардың оң динамикасы қалыптасқан.

    Тоқаев өткен жылдың қыркүйегінде Қытай басшысы Си Цзиньпинмен жүргізілген келіссөздер барысында бірлескен мәлімдеме қабылданғанын жеткізді. Ол жерде екі ел ынтымақтастығының даму бағыттары айтылған.

    "Біз халықаралық және өңірлік ұйымдарда (БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК) белсенді түрде өзара жұмыс істейміз", – деді президент.

    Одан бөлек, мемлекет басшысы аспан асты елінің маңызды экономикалық серіктес екенін, 2019 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 14,5 миллиард долларға жеткенін атап өтті.

    "Covid-19 пандемиясымен күресті екі ел арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмек беруді серіктестік тарихындағы жаңа парақ деп атауға болады. Қазақстан Уханьға медициналық гуманитарлық көмек жіберді.
    Менімен телефон арқылы сөйлескен кезде төраға Си Цзиньпин "басыңа іс түскенде достың кім екенін білесің" деген мақалдың дұрыс екенін мәлімдеді", – деді Тоқаев.

    Айта кетейік, бүгінгі Тоқаевқа Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне кіру Қазақстанның жоспарында бар ма деген сауал қойылды.

    "Іс түскенде достың кім екенін білесің": Тоқаев Қытай басшысы өзіне не дегенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.