jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Кувейт мемлекетінің жаңа әміріне жеделхат жолдады

    тоқаев
    Фото: newtimes.kz

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    «Сізді таққа отырғызу туралы шешімді Кувейттің өркендеуіне және мүддесін қамтамасыз етуге ұзақ жылдан бері сіңіріп келе жатқан риясыз қызметіңізге әулетіңіз бен отандастарыңыздың берген жоғары бағасы әрі еліңіздің игілігі жолындағы болашақ жеңістеріңізге деген нық сенімінің айғағы деп білемін.
    Қазіргі таңда Кувейт – іргесі берік, экономикасы әлеуетті, халқының әл-ауқаты жылдан жылға артып отырған ел, сондай-ақ оның халықаралық қауымдастықтағы мерейі де үстем. Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен Кувейт мемлекетінің дамуы баянды болып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін», – делінген жеделхатта

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Кувейт халықтарының игілігі үшін екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген әртүрлі саладағы ынтымақтастықты өрістетуге, бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін атап өтті.

    Мемлекет басшысы шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты қызметіне мол табыс, ал достас Кувейт халқына құт-береке тіледі.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген болатын.

    Бұл туралы Қазақстан президенті twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    "Президент Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне шын көңілден тілектестік білдіремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
    Тоқаев Кувейт мемлекетінің жаңа әміріне жеделхат жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.