jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады

    ІІ Елизавета мен Ханзада Филипп
    Фото: Jeff Spicer/Getty Images

    Қазақстан президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға жұбайы ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбург герцогі, ханзада Филипптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

    "Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Ұлы Мәртебелі Патшайым Сіздің және барша британдықтардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. 70 жылдан астам уақыт бойы, әсіресе, Ұлы Мәртебелі Патшайым Сіз таққа отырған сәттен бастап, Эдинбург герцогі тұрақты тірегіңіз және күш-жігеріңіздің сарқылмас көзі болды.

    Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың құрметті батыры, бүкіл өмірін Біріккен Корольдік пен оның Тәжіне қызмет етуге арнаған, мұқтаж жандарға көмектесіп, Британия ұлтының, Достастық пен одан тыс жерлердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан аса көрнекті, Ұлы Мәртебелі биік тұлға болды.

    Осындай қиын сәтте біздің дұғамыз Сіздің Ұлы Мәртебеңізге, Корольдік отбасыңызға, сондай-ақ, ханзада Филиппті білетін және қызметтес болған адамдарға арналды. Ол біздің жадымызда парасаттылық пен әділдіктің, батылдық пен өз халқына адалдықтың символы ретінде мәңгі сақталады", – делінген жеделхатта.

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның түңғыш президенті ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.