jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Түркияның сыртқы істер министрлігі "қазақ бауырларға" алғыс айтты

    Ұшақ
    Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

    Түркияның сыртқы істер министрлігі орман өртін ауыздықтауға көмек жібергені үшін Қазақстанға алғыс айтты. Ресми хабарлама түрік СІМ Twitter парақшасында жарияланды.

    "Қазақ бауырларымызға тілектестік пен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз", - делінген хабарламада.

    Хабарламаға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жібергені туралы жазба бекітілген.

    Еске сала кетсек, шілде айының соңында Түркияда дала өрті болып, Анталья, Бодрум, Мармарис сынды курорттық аймақтарда орман өртенген еді. Мыңдаған адам аталған аудандардан эвакуацияланды. Тұрғындар баспанасы мен мал-мүлкінен айырылған.

    Кейінірек, БАҚ беттерінде орман өртін террористік ұйым өз мойнына алғаны хабарланды.

    Түркияның сыртқы істер министрлігі "қазақ бауырларға" алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.