jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитін ресми түрде ашты

    АӨСШК саммиті
    Астанадағы АӨШСК саммиті: Telegram/БОРТN1

    Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-арнасы.

    Халықаралық форумға АӨСШК мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қатысуда.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысушыларға алғысын білдірді.

    "Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысқандарыңыз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін.

    Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды.

    Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 27-ге жетті. Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді.

    Біз Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз", - дейді Қазақстан президенті.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстанның АӨСШК-ні одан әрі дамытуға ниетті екенін айтып, саммит қатысушыларының жұмысына табыс тіледі.

    "Кеңестің бірегей форматы мен географиясын ескере отырып, оның перспективалары мен болашағы зор екеніне сенімдімін.

    Форум қатысушыларының жұмысына табыс, ортақ ұйымымызды нығайту жолында жаңа жетістіктер тілеймін", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Тоқаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитін ресми түрде ашты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.