jitsu gif
Саясат

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

    Тоқаевтың Өзбекстанға сапарынан
    Фото: t.me/bort_01

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

    Шавкат Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты ұшаққа дейін шығарып салды.

    Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Олар:

    1. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының .кіметі арасындағы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру туралы негіздемелік келісім;

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы Электрондық сауда жүйесін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    3. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

    4. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

    5. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Орман шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    6. 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

    7. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Өзбекстан Республикасының президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум;

    8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі арасындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    9. Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Науаи облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы;

    10. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Жизақ облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы;

    11. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы;

    12. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ мен "Узбекнефтгаз" АҚ арасындағы келісім;

    13. "Eurasian Resources Group S.а.r.L." компаниясы мен "Sanoat Energetika Guruhi Enera" ЖШҚ арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім;

    14. "Қазфосфат" ЖШС, "Узкимёсаноат" АҚ және KP Fertilizers Ltd. арасындағы Өзбекстан Республикасында минералды тыңайтқыштар өндіру жөніндегі бірқатар кешендер құрылысының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберіндегі бірлескен әріптестік туралы келісім;

    15. "PTC Holding" ЖШС (Қазақстан Республикасы) мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының хокимиаты арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.