jitsu gif
Саясат

    Қазақстан Түркияға жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектеседі

    Түркиядағы жер сілкінісінен құлаған үйлер
    Газиантеп провинциясы. Фото: BULENT KILIC/AFP via Getty Images

    Қазақстан Түркияға ақпан айында болған күшті жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

    Қазақстан түрік тарапына үйлерді қалпына келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіреді.

    Бұл туралы Анкарада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясының 12-ші жалпы отырысында мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлім етті. Оның айтуынша, бұл бастама - президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы.

    Айта кетейік, 25 сәуір күні Анкарада ақпан айының басында Түркияда болған жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелеріне жетекшілік еткен төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдерін марапаттау рәсімі өткен болатын.

    Қазақстан Түркияға жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.