jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстандықтардың Вьетнамға кіру кезінде визасын алып тастау жоспарлануда

    Вьетнам
    Вьетнам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визалық талаптарды жою туралы келісім жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

    Қазақстан мен Вьетнам арасындағы келісімнің мәтініне сәйкес, бір тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 ай болуға тиіс жарамды ұлттық, жалпыазаматтық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннің әр кезеңі ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 (тоқсан) күн болатындай күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады.

    Осы Келісімнің 6-бабында көрсетілген ақпараттар бойынша жаңа ұлттық, жалпыазаматтық паспорттар мен жол жүру құжаттары енгізілген немесе қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда тараптар бұл туралы бір-бірін дереу хабардар етеді.

    "Осындай паспорттар мен жол жүру құжаттарының үлгілерін, сондай-ақ олардың қолданылуына қатысты ақпаратты олар ресми енгізілгенге немесе өзгертілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы жібереді", - делінген құжатта.

    Құжат 2023 жылдың 2 маусымына дейін қоғамдық талқылауда болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.