jitsu gif
Саясат

    Германияның федералды президенті Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді

    Франк-Вальтер Штайнмайер
    Франк-Вальтер Штайнмайер. Фото: Christian Marquardt - Pool/Getty Images

    19-21 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасында хабарлады.

    ГФР президентінің сапары аясында екі ел басшысы келіссөздер жүргізеді.

    Ведомствоның хабарлауынша, келіссөздер кезінде сауда-экономика, инвестиция саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі.

    Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылады.

    Келіссөздер қорытындысында екіжақты келісім бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар Германияның федералды фрезиденті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді.

    Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.

    Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға сапары аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады.

    ГФР президенті Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

    Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына іссапармен келетін алғашқы еуропалық президент болмақ.

    Германияның федералды президенті Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.