jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қытай мен Қазақстан шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері уақытша жабылады

    Кеден бекеті
    Кеден бекеті. Көрнекі фото: pixabay.com

    22 маусымнан бастап Қытай мен Қазақстан шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, Қытай шекарасы Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы" келісімге сәйкес өткізу пункттерінің уақытша жабылады.

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚХР-да тойланатын "Айдаһар қайықтары"(Дуань У) мейрамына байланысты шекара уақытша жабылатынын хабарлады.

    "2023 жылғы 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөліктік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейді" - деді ҰҚК өкілдері.

    Алайда құзырлы орган теміржолдық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

    Қытай мен Қазақстан шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері уақытша жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.