jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Әңгімелесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты.

    Мемлекет басшысының сөзінше, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Президент соның нәтижесінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар айтарлықтай жандана түскенін атап өтті.

    Тараптар перспективті бағыттардағы, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.