jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Әзербайжан президенті Тоқаевты қалай қарсы алды (фото, видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентінің "Загульба" резиденциясына келді. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

    Ақорда ақпаратынша, резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

    Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

    Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

    Айта кетейік, 11 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

    Әзербайжан президенті Тоқаевты қалай қарсы алды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.