jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Кипрдің Сыртқы істер министрін қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Константинос Комбос
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Константинос Комбос. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

    ️Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды.

    Президент Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді.

    Константинос Комбос қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

    Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасы қарастырылды. Бұған қоса халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

    Тоқаев Кипрдің Сыртқы істер министрін қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.