jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда өткен Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөз аяқталды

    Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамов
    Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    10-11 мамырда Алматыдағы Достық үйінде Әзербайжан мен Арменияның Сыртқы істер министрліктері арасында өткен келіссөздердің қорытындысы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 10-11 мамырда Алматыда Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөздер өтті.

    Ведомство басшылары шекараны делимитациялау бойынша нәтижелер мен оған байланысты қол жеткізілген келісімдерге оң баға берді.

    Министрлер мен олардың делегациялары "Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік және мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы келісім" атты екіжақты жобаның ережелерін талқылауды жалғастырды. Тараптар әлі де келіспеушіліктер бар өзге де ашық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті.

    Шет елдердің министрлері Қазақстанға сапары барысында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты, сондай-ақ үшжақты форматта жеке кездесулер өткізді.

    Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Қазақстан тарапына Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер жүргізгені үшін алғыс білдірді.

    Армения Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ведомство басшысы Арарат Мирзоян да Армения мен Әзербайжан арасында келіссөздер жүргізгені үшін қазақстандық тарапқа риза болғанын айтты.

    Алматыда өткен Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөз аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.