jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Биыл Шардараға Өзбекстаннан келетін су өткен жылғыдан көп болуы мүмкін

    "Шардара" қоймасы
    "Шардара" қоймасы. Фото: ult.kz

    Биыл "Шардара" қоймасына жоғарыдан келетін су өткен жылғыдан көп болуы мүмкін. Бұл туралы Ташкенттегі "Сырдария" бассейндік бірлестігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

    Мамандардың айтуынша, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан өзара электр қуатын айырбастау жұмысын жүргізіп жатыр. Қырғыз жеріндегі "Тоқтағұл" және Тәжікстандағы "Бахри Точик" қоймаларының режимі жан-жақты бақылауға алынған.

    "Қазгидрометтің" мәліметіне сай, "Шардараға" қазір жоғарыдан секундына 262 текше метр су құйылып жатыр. Ал "Тоқтағұлда" оның мөлшері 7 млрд 748 млн текше метрге жеткен. Бұл бұған дейінгі деңгейден біршама артық. Жаз айларында күн ысып, мөлшері тағы ұлғаюы мүмкін.

    Айта кетейік, мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының мүшелері вегетациялық кезеңдегі жағдайды бақылау үшін жылына 4 мәрте кездесуді жөн деп шешкен. Алғашқы басқосу Шымкентте өтіп, мамандардың болжамы нақтыланды.

    Өткен жылдың қорытындысы баяндалды. Вегетация аралық кезеңде, яғни 1 сәуірге дейін еліміздегі "Шардараға" 10 млрд текше метрден аса су келіп, "Достық" арнасына 492 миллионы жіберілген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.