jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстан неліктен Швейцарияда өткен саммитке қатыспады: СІМ өкілі жауап берді

    Украина туы
    Украина туы. Көрнекі сурет: Halfpoint Images/Getty Images

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін өткен брифингте Қазақстан тарабы Украинаға қатысты жаһандық бейбітшілік саммитіне неліктен қатыспағанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Журналистер Украинадағы жағдай талқыланған Швейцариядағы жаһандық бейбітшілік саммитіне Қазақстанның сыртқы істер министрі де, вице-министрлер де неліктен қатыспағанын түсіндіруді сұрады.

    "Біз өз мүддемізге сай әрекет еттік және халықаралық іс-шаралар кестесіне сүйендік", - деп жауап берді Айбек Смадияров.

    Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері, 15-16 маусымда Швейцарияда Украинадағы жағдайға арналған Бейбітшілік саммиті өткен болатын.

    Саммит қорытындысы бойынша декларацияға қатысқан 92 елдің ішінде 80-нен аса елдің өкілі қол қойғаны хабарланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.