jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты.

    Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындардың өміріне жасалған кез келген қастандық пен зұлымдық әрекетті Қазақстан батыл айыптайтынын әрі оны халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке төнген зор қауіп ретінде қарастыратынын жеткізді.

    Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте тығыз ықпалдастықты жалғастыру, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар аясында күш-жігер біріктіру маңызды екеніне назар аударды.

    Бұдан бөлек, президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады.

    Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.