Тоқаев Руанда президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда президенті Поль Кагамеге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Руанда президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, елінің өркендеуі жолындағы бастамаларына табыс тіледі", - делінген Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Руандадағы жалпы сайлау 15 шілдеде өтті. Бұл күні президенттен басқа, құрамына 80 адам кіретін депутаттар палатасының (парламенттің төменгі палатасы) мүшелері сайланды – олардың 53-і тікелей сайланады, тағы 27-сі өңірлік кеңестер арқылы тағайындалады.
Руанда президенті Поль Кагаме бұл сайлауда төртінші рет жеңіске жетті. Елдің Орталық сайлау комиссиясы таратқан мәлімет бойынша, ол 99,15 пайыз дауыс (7,1 млн) жинаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2137236-toqaev-ruanda-prezidentine-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/