jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев жаңадан сайланған Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

    Ақорда
    Ақорда. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

    Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

    Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

    Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.